Қолжетімді музейлер

2017 жылғы 24 шілдеде сағат 14.00-де EXPO-2017 аумағындағы Astana Contemporary Art Center павильонында Заманауи өнер музейінің (Мәскеу қ.) қолдауымен Астана қ. музейлерінде түрлі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құруға арналған халықаралық семинар өтеді. Астана музейлерінің қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мәдениет және өнер мекемелерінің аумағында түрлі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру мәселелерін
талқылайды. Семинарда «Гараж» заманауи өнер музейінің (Мәскеу қ.) инклюзивтік бағдарламалар құру тәжірибесі және қоғамдық ұйымдар мен Алматы қ. музейлерінің, «Аржан» ҚҚ-ның өзара әрекет ету тәжірибесі алға тартылады.

Қазақстан 2015 жылы ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына сайқатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде мәдени өмірге қатысу құқығын таниды және мүгедектердің:
...мәдениет туындыларына қолжетімді форматтарда қол жеткізе алуын;
...театрлар, музейлер, кинотеатрлар, кітапханалар және туристік қызмет көрсетулер сияқты мәдени іс-шараларға немесе қызмет көрсету орындарына қол жеткізе алуын, сондай-ақ ұлттық мәдени маңызы бар ескерткіштер мен объектілерге барынша мүмкін дәрежеде қол жеткізе алуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды (30-бап).

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 шілдедегі No 259 бұйрығына сай бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін мәдени ойын-сауық іс-шараларына: концерттік ұйымдарға, театрларға, мәдени-демалыс ұйымдарына, кітапханаларға, мұражайларға және мұражай-қорықтарға және цирктерге қол жеткізу бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің 50 % төлейді. Аталған қызметтерді көрсету механизмдерін мәдениет ұйымдары өз бетінше анықтайды.

Ұсынылатын жеңілдіктерге қарамастан, мүгедектігі бар адамдар музейлерге сирек келеді. Қазақстандағы көптеген музейлерде әзірше мүгедектігі бар келушілердің саны туралы ақпарат жоқ.

Музейлерде нашар көретін және зағип, құлағы естімейтін және нашар еститін келушілер үшін, ақыл-ой дамында ерекшеліктері бар келушілер үшін қолжетімді форматта экспонаттар және олар туралы ақпарат жоқ. Муйзейлердің қызметкерлері бейімделген экскурсиялар жүргізуге әлі дайын емес. Бірақ бірінші кезекте мүгедектігі бар келушілердің музейлерге толыққанды қолжетімділігін ұйымдастыруға арналған номативтік-құқықтық базаны жаңарту мәселесі шиеленісіп тұр.

Семинар «Қолжетімді музейлер» жобасының қорытынды іс-шарасы болып табылады. Жобаның аясында музейлер мәселесі талқыланып қана қоймай, Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер мұражайында мүгедектігі бар адамдарға арналған Қазақстандағы тұңғыш интерактивтік көрме құрылды.

«Қолжетімді музейлер» жобасы «Гараж» заманауи өнер музейінің инклюзивтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің белсенді кеңес беруі арқылы Алматы қаласында іске асырылды. Бөлім жұмысының негізгі бағыттары – түрлі мүгедектігі бар келушілер үшін көрмелік кеңістікті және білім беру жағдайларын
бейімдеу және музей қызметкерлерінің мүгедектікті түсінуі жөнінде тренингтер өткізу.

Ұйымдастырушылар:
1. «Гараж» заманауи өнер музейі
2. «Аржан» қоғамдық қоры
3. Роза Люксембург қорының Мәскеудегі филиалы

Барлық сұрақтар бойынша «Аржан» ҚҚ «Қолжетімді музейлер» жобасының үйлестірушілеріне хабарласыңыздар:
Айман Бтимова +7 701 513 79 79 btimova@bk.ru
Қасиет Омарова +7 777 233 50 85 omarova.kas@gmail.com

* * *

Семинар бағдарламасы

14.00-14.05 Қазақстандағы музейлер туралы жалпы ақпарат.
Қолданыстағынормативтік-құқықтық база.
Назгуль Нуржановна Кадримбетова – ҚР Мәдениет және спорт
министрлігінің Музейлер мен кітапханалар басқармасы бастығының міндетін
атқарушы.

14.05-14.10 – Зағип және нашар көретін келушілерге қызмет көрсету
мәселелері. Астана қаласындағы музейлер мен ҮЕҰ-ның өзара әрекет
ету мәселелері.
Мурат Усербаевич Абдумомынов – Астана қ. әкімінің мүгедектер ісі
жөніндегі кеңесшісі.

14.10-14.15 – Ақыл-ой дамуы бұзылған келушілерге қызмет көрсету
ерекшелігі.
Евгения Валерьевна Чеботаревская – «Солнечный мир» ҚҚ президенті.

14.15-14.20 – Музейлердегі есту қабілеті бұзылған келушілер туралы.
Айслу Нургалиевна Себенова (СҚҚ) және Хасан Шарипович Исраилов (24
KZ арнасы) – ым-ишара тілінің аудармашылары.

14.20 – 14.40 – Әсерлер музейі: «Гараж» музейінің инклюзивтік
бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі
Екатерина Олеговна Владимирцева – «Гараж» заманауи өнер музейінің білім
беру бағдарламаларының үйлестірушісі

14.40-14.50 – Алматы қаласындағы «Қолжетімді музейлер» жобасы
жайлы
Касиет Абдижапаровна Омарова – «Аржан» ҚҚ басшысы.

14.50-15.20 – Сұрақтар мен жауаптар сессиясы

15.20-16.00 – Astana Contemporary Art Center павильонын бойынша экскурсия

16.00 – кофе-брейк

Комментарии закрыты.