Баршаға арналған музей

2017 жылғы 16 маусымда сағат 16-00-де «Аржан» қоғамдық қоры және Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі зағип және көзі нашар көретін келушілерге арналған Қазақстандағы тұңғыш интерактивтік көрменің ашылуына шақырады.

Қазақстанда алғаш рет музейдің тұрақты экспозициясы үшін экспонаттардың тактильді үлгілері, тифлотүсіндірмелермен экскурсия жүргізу арнайы дайындалды, тактильді таныстыру үшін музей қорынан туындылар бөлінді, Брайль рельефті-нүктелі шрифтпен этикетаж жасалды.

Барельефтерді – суреттердің тактильді үлгілері жасау үшін зағип мамандармен бірге Шорохов Павел Иванович, Дулатов Қазбек Тұрганбаевич, Сарпеков Жандос Амантурович, Атеибеков Дархан Қайырбекович сияқты кәсіби мүсіншілер, сол сияқты О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК студенттері Жұмаев Ернар, Хусаин Уалибекқожа, Қалмуратов Руслан, Бауыржанова Айжан, Құсайын Ерболат, Жалдыбай Алтынбек ақысыз еңбек етті.

Сондай-ақ музейге келушілер Қазақстанда алғаш рет үш тілде бейнелеу өнерінің туындыларына тифлотүсіндірмелерді тыңдай алады. Тифлотүсіндірмелер – бұл зағип және көзі нашар көретін келушілерге суреттің мағынасын түсіндіруге арналған дыбыстық қатардың көмегімен көрнекі ақпаратты сипаттау.

Музейге келуші зағип жандар мен нашар көрушілер түпнұсқаға қарап жасалған өнер туындылары жайлы аудиоақпарат ала алады және олардың көлемді пішіндерін зерттей алады Бұл бейнелеу өнерінің жауһарларынан барынша толық әсер алуға мүмкіндік береді.

Шара аясында тифлотүсіндірмелері қоса берілетін «Бар болу не жоқ болу» әлеуметтік фильмінің көрсетілімі болады. Фильмнің режиссерлары Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбеков. Көрсетілім 18.00-де басталады. Ұзақтығы 60 минут.

Ұйымдастырушылар:

«Аржан» ҚҚ

Роза Люксембург қорының Мәскеудегі филиалы

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана

Барлық сұрақтар бойынша «Аржан» ҚҚ «Қолжетімді музейлер» жобасының
үйлестірушілеріне хабарласыңыздар:

Айман Бтимова +7 701 513 79 79 btimova@bk.ru

Қасиет Омарова +7 777 233 50 85 omarova.kas@gmail.com

Музейдің атынан көрме жетекшісі  - Наталия Баженова +7 747 271 23 67 natalidpi@mail.ru.

Фото:  https://drive.google.com/open?id=0B7rmEx2DSSuUSnBZUHZiRDlVdTg

%d0%b0%d1%84%d0%b8%d1%88%d0%b0-%d0%be%d1%82%d0%ba%d1%80%d1%8b%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d0%b2%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b2%d0%ba%d0%b8_%d1%81%d1%82%d1%80%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%86%d0%b0_2

Комментарии закрыты.