Жолбағдар

Орталық стадион

Жолбағдар No Comments

Абай даңғылы, 48

Алматы орталық стадионы  республикадағы ең ірі кешендердің бірі. Стадионның көлемі– 22 га. Сәулетшілері – А.Капанов пен А.Коссов.  Бірінші кезекте – 30 мың орындық трибуна, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлары бар үлкен спорт аренасы 1958 жылдың тамыз айында іске қосылды. Ары қарай кіші спорт аренасы, жаттығатын жеңілатлетикалық кешен, жүзу бассейні, қысқы жаттығатын манеж, гандбол, теннис, баскетбол, садақпен ату ойындарына арналған алаңдар салынды. Үлкен аренаның трибуна асты ғимаратында бокс, фехтования, үстел теннисіне арналған залдар, киім шешетін бөлме, тренерлердің бөлмелері, республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің кабинеттері мен зертханалары, олимпиядаға дааярлау Орталығының жатақханасы орналасқан. Алматы қаласының Орталық стадионында футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, коньки тебу, шөп үстіндегі және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. спорт түрлерінің барлық тарихи бүкілодақтық және халықаралық жарыстары өткізілген.
Орталык стадион.mp3

........................................................................................................................................... Следите за нами в социальных сетях: ...........................................................................................................................................
Поделись с друзьями: ...........................................................................................................................................

Комментарий қалдыру